Тұрсынғали Алагөзовті ұлы сотқа берді

0 2

Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсынғали Алагөзовті баласының пәтерден шығару үшін сотқа жүгінгеніне жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Баласына айтар сөзін ол Instagram желісінде жазды.

«Саған ашулы емеспін, Арсен, бұл туралы білгеніңді және басқаша ойламағаныңды қалаймын, уақыты келгенде өз ісіңе бағамдап баға бересің деп үміттенемін, сол кезде не ойласаң да, мен сені жақсы көремін және қандай да бір өмірлік жағдайға тап болсаң да көмегімді аямаймын, бұл тек пәтер ғой. Оны сатып алуға немесе айырбастауға болады, ал ар-ұятыңды бұлай істей алмайсың, осыны еске сақтап, білгеніңді қалаймын», — деп жазды ол.

Айта кетейік, мұның алдында Алагөзовтің ұлы оны пәтерден шығаруды талап етіп, сотқа жүгінген. Талап арыз ҚР Жоғарғы сот орындау базасында тіркелген еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.