Қазақстанда бірыңғай іздеу қозғалысы құрылады

0 3

Павлодарда өткен «IZDEU-ПОИСК-2018» бірінші халықаралық форумының қорытынды отырысында Қазақстанның барлық іздеу жасақтарын біріктіру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Оған Ресей, Украина, Беларусь, Эстония, Молдова мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген іздеушілер, тарихшылар мен ғалымдар қатысып, әйгілі генерал Иван Панфиловтың немерелері Алуа мен Әлия Байқадамовалар шақырылды. Онда іздеушілердің арнайы жұмыс тобы құрылып, оның құрамына республикадағы барлық іздеу ұйымдарынан бір-бірден өкіл, сондай-ақ Астана, Алматы және Павлодардың белгілі ғалымдары мен тарихшылары кірді.

Форумға қатысушылар үш топқа бөлінді. Іздеушілер жасаған жұмыстарын талқыға салса, тарихшылар мен архив қызметкерлері құжаттардың сақталуы жайында сөз қозғады. Қалған қатысушылар Ұлы Отан соғысы туралы ақпараттарды зерделеуге кірісті.  Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, қатысушыларға алғыс білдірді.

«Павлодар облысы Қазақстандағы іздеушілер қозғалысының орталығы болып табылады. Ертіс өңірі іздеушілерінің белсенділігімен Ресей өңірінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 23 ескерткіші қайта жаңғыртылып, бой көтерді», — деп атап өтті Мейрам Бегентаев.

Мәскеу облысы іздеу жасағының командирі Павел Матвеевтің айтуынша, форумда тәжірибемен алмасу — ертеңгі жұмыстың жарқын нәтижесі болмақ. «Мен 18 жыл бойы іздеу жасағындамын, Отбасымда екі атам да соғыстан аман келді, бірі Берлинге дейін барса, екіншісі концлагерде болған.

Уақыт өте келе қанды майданнан оралмай қалған адамдарды іздеге бел будым. Мұндай форумдарды жиірек өткізген дұрыс. Мұнда ғалымдар мен тарихшылар келеді, олармен тәжірибе алмасу аса пайдалы. Себебі, тарихи деректерсіз іздеу жұмыстары нәтиже бермейді», — дейді ол. Айта кетейік, ТМД іздеушілері арасында осындай форматтағы кездесу алғашқы рет ұйымдастырылды.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.