Жамбылдық спортшылар ел чемпионатынан жүлделі оралды

0 0

2018 жылдың 23-31 наурыз аралығында Астана қаласында тоғызқұмалақтан ел чемпионаты өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Cпорт басқармасына сілтеме жасап.

Жарыста 17, 19, 21 жасқа дейінгі спортшылар жекелей сында өзара мықтыны анықтады. Елорда төріндегі бəсекеде еліміздің барлық өңірлерінен 250 спортшы бақ сынасты.


Жарыстың нәтижесі бойынша облысымыздан чемпионатқа қатысқан Әлдибай Нұрбол ІІ орыннан көрінсе, Сейітжапар Нұрдаулет ІІІ орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарды ойынға дайындаған тоғызқұмалақтан облыстың аға жаттықтырушысы Иманалиева Айжан.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.