Қазақстандық тауарлар жыл басынан бері 2,5% қымбаттады

0 3

Өнеркәсіп өнімдері бір ай ішінде 0,8%, ал кәсіпкерлік сипаттағы қызмет түрлері 0,2% арзандады, — деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Өткен айда кәсіпкер-өндірушілер келесі өнімдер бағасын арзандатты: мұнай шикізаты мен табиғи газ — 1,6%, сусындар — 5%, тоқыма мата — 1,5%, мұнай өнімдері — 1,4%, тері — 0,6%, асыл және түрлі-түсті металдар — 0,5%. Ал мына тауарлар керісінше қымбаттады: металл рудалары — 3,9%, қағаз — 1,5%, ағаш, резіңке және пластмасса бұйымдары — 0,8%, киім — 0,7%.

Сондай-ақ, жыл басынан бері отандық өнімдердің бағасы — 2,5%, ал 12 ай ішінде — 13,5% қымбаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.