Таразда спорттық марафон жарияланды

0 11

29 сәуірде «Достық алаңында» жаяу жүгіруден облыстық  спорттық  марафон өтеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA cпорт басқармасына сілтеме жасап. 

Көптен күткен іс — шараға 8 — ден 60 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Қатысушылар түрлі дәрежедегі қашықтықта жүгіреді.

Қатысушылар саны шектеулі. Спорттық іс-шараға қатысушылар электрондық түрде  2018 жылдың 27 сәуіріне тіркелуі сағат 23:59 дейін жүргізіліп, қатысушылардың саны лимитке жеткен кезде аяқталады.

Егер электрондық тіркелу кезінде қатысушылардың саны лимитке жетпесе, онда қатысушыларды тіркеу 2018 жылғы 26 және 27 сәуірде старттық пакеттер берілген жерде жүргізіледі. Старттық пакеттердің берілу уақыты мен жері туралы ақпарат 2018 жылғы 20 сәуірге дейін zhambyl-marathon.com сайтында орналастырылады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.