Қордай ауданында 2017 жылға нақтыланған бюджет 100 пайызға игерілген

0 4

Бұл жайында ӨКҚ алаңында өткен брифингте  Қордай ауданының  әкімі мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық және басқа да міндетті төлемдер жалпы 5363,3 млн. теңге жоспарланса, орындалғаны 5661,2 млн.теңгені құраған.

Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда  өсім қарқыны 112,7 пайызды құрады.

Жыл сайынғы аудан бюджетінің шығыс бөлігі 100 пайызға игерілді.

Н. Назарбаевтың халыққа Жолдауының «Тиімді мемлекеттік басқару» міндетінің негізінде  халық саны 2000 адамнан астам 16 ауылдық округтері  4 деңгейлі бюджетіне енгізілген.

2018 жылы 4 деңгейдегі бюджеттің көлемі 782,0 млн.теңгені құрайды деп жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.