Apple қол тигізбей жұмыс істейтін дисплей жасап шығармақ

0 5

Дисплей алдағы уақытта шығатын iPhone смартфондарына арналған. Өндірушілердің айтуынша, ол адам қол тигізбесе де жұмыс істей беретін болады. Бұл туралы Bloomberg басылымы жазды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Басылымның хабарлауынша, аталған дисплей алдағы уақытта шығатын iPhone смартфондарына арналған. Алайда мұндай смартфонның жасалып шығуын кемінде екі жыл күту қажет болады.

Сондай-ақ, агенттік Apple компаниясының дисплейі иілетін смартфон жасап жатқанын жазды. Естеріңізге сала кетсек, Samsung Galaxy S9 маркалы смартфонның дәл осындай ерекшелігі бар.

Біздің Telegram-парақшамызға  Жазылыңыздар!

Leave A Reply

Your email address will not be published.