Түркия әуе күштері Ирак солтүстігіндегі лаңкестерге соққы жасады

0 0

Түркияның әскери-әуе күштері күрд жасағының 14 мүшесін жер жастандырды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24kz арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы ресми Анкара қарулы күштерінің бас штабы хабарлады. Әскерилер кеше Ирактың Хакурк ауданы маңында соққы жасап, 13 нысанды шабуылдаған.

Айта кетейік, Ирактың солтүстігінде 1 және 2 сәуірдегі операция кезінде күрд жасағының 59 мүшесінің көзі жойылды. Түркия Қорғаныс министрлігінің дерегі бойынша 2015 жылдан бері қауіпсіздік күштері қарсыластарының 10 мыңнан астамын жер жастандырып, біразын қамауға алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.