Әлемнің түкпір-түкпірінен көмек жолданған тараздық бүлдіршін қыз обырдан көз жұмды

0 0

Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы ауруханалардың бірінде обырмен күресіп жатқан кішкентай қазақ қызы Айымжан Досжан көз жұмды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA «ҚазАқпарат» ХАА сілтеме жасап.

«Кешір бізді, бүлдіршін… Біз үлгере алмадық, шарамыз болмады… Жаның жаннатта болсын. Мәңгілік біздің жүрегіміздесің» — деп жазды қыздың ата-анасы әлеуметтік желіде. Айымжанның туысқандары желіге қалдырған соңғы жазбада жылу жинау акциясының жабылғаны айтады.

Айымжан нейрабластома деп аталатын обыр түрімен ауырған болатын. Жаман дерт оның бойынан 2 жасында табылған. 32 химиотерапия алған қызға ісікті алып тастау бойынша екі ота жасалды.

Айымжанның қымбат ем-домына әлемнің түкпір-түкпірінен мейірімді адамдар көмек қолдарын созған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.