Мектеп автобусы апатқа ұшырап, 26 бала қаза тапты

0 0

Үндістанның Химачал-Прадеш штатында мектеп автобусының қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан кем дегенде 26 бала қаза тапқан, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы NDTV телеарнасы хабарлады. Телеарнаның ақпарынша, автобус тереңдігі 30 метр шатқалға құлап аударылған. Жол апатының себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында құтқару қызметінің мамандары жұмыс істеуде. Автобуста жекеменшік мектептің 5-сынып және кіші сынып оқушылары болған. Автобуста барлығы 40-қа жуық оқушы болыпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.