Facebook жіберген хатты өшіру мүмкіндігін іске қоспақ

0 0

Бұл мүмкіндікке барлық желі қолданушысы тек бірнеше айдан кейін қол жеткізе алады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Baq.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Жуырда Facebook бас директоры Марк Цукербергтің өзін өзгеге жіберген хатты өшіру мүмкіндігімен қамтамасыз еткені белгілі болды. Осы жаңалықтың таралғанына бірнеше сағат өткен соң аталған мүмкіндіктің өзгелер үшін де қолжетімді болатыны айтылды. Дәлірек айтсақ, бұл өзгеріс Facebook желісіне бірнеше айдан соң енгізілмек.

Компания өкілдері осылайша Цукербергке ашуланып жүргендерге жеңілдік жасағылары келген сияқты. Сондай-ақ, аталған компания қызметкерлері бұл қызмет түрінің қалай нақты жұмыс істейтінін түсіндірмеген. Сол себепті, бұл қызмет түрі алдағы уақытта Марк Цукербергте ғана болуы ғажап емес.

Leave A Reply

Your email address will not be published.