Кемероводағы өртте төртінші қабаттан секірген 11 жастағы бала жүре бастады

0 1

Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда орталығынан шыққан өрттен төртінші қабаттан секіріп кеткен 11 жастағы бала жалпы хирургия бөлімінен қалпына келтіретін ем қабылдау бөліміне ауыстырылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ТАСС сайтына сілтеме жасап. 

Кемерово облыстық клиникалық балалар ауруханасының хабарлауынша, баланың жағдайы қанағаттанарлықтай.

«Зимняя вишня» сауда орталығынан шыққан өрттен зардап шеккен бала бүгін қалпына келтіретін ем қабылдау бөліміне ауыстырылды. Баланың жағдайы қанағаттанарлықтай, қалпына келе жатыр. Бала отырады, жүреді, бөлімде қалпына келтіретін кешенді ем қабылдап жатыр», – деді медициналық мекеме өкілі.

Естеріңізге салайық, сауда үйінен шыққан өрттен аман қалу үшін 11 жастағы бала төртінші қабаттан секіріп, ауыр дене жарақатын алған еді. Бала қайғылы оқиға кезінде ата-анасы мен қарындасынан айырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.