Егістік алқабы ұлғаюда

0 1

Биылғы жылы Жамбыл облысында 10 мың 200 гектар жерге қант қызылшасын егу жоспарланып отыр. Қазір бұл бағыттағы жұмыстар бірқатар аудандарда басталып кетті. Солардың бірі Меркі ауданы. Өткен жылы қант қызылшасынан мол өнім алған Меркілік шаруалар биыл да жақсы көрсеткішке қол жеткізуді көздейді. Бұл туралы «Zhambylnews» АА Jambyl телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Меркідегі іргелі шаруа қожалықтардың бірі «Сыпатай Батыр» серіктестігі. Өткен жылы 200 гектар жерге қант қызылшасын егіп, одан гектарына 700 центнерден өнім алған шаруашылық биыл 300 гектар жерге балтамыр отырғызуды бастады. Оның үстіне өткен жылы Меркілік шаруалар қылшаның «Авантаж» тұқымын ексе, биыл аса жоғарғы сұрыпты франциялық «Тиссиан» сорты егіліп отыр.

«Бұл тұқым түрі Францияда да кеңінен қолданылады. Былтыр еккеніміз бірінші поколение болса, биылғымыз үшінші поколение. Сондықтан мол өнім алуға болады деп ойлаймын» — дейді «Сыпатай батыр» ЖШС жетекшісі Қанат Шайхиев.

Жамбыл облысында қант қызылшасын еккен шаруаларға соңғы жылдары мемлекет тарапынан үлкен көмек көрсетіліп келеді. Оларға тұқым алуда, дайын өнімді өткізу барысында биыл да айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылмақшы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.