Шағын футбол турнирі

0 14

Тараз қаласында  Астанананың 20 жылдығына орай кіші футболдан облыстық турнир өтті. Темірлан Арзымбетовты еске алуға арналған доп додасына облыстың барлық дерлік аудандары мен Тараз қаласынан командалар жиылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Jambyl телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Турнирге 25 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Топтық кезеңдегі ойынның өзі тартысқа толы болды. Әр мекемеден қатысқан командалар жеңіске жеткісі келді.

Дегенмен, турнирдің басты фавориті саналған Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Байзақ ауданынан келген команда жартылай финалда кездесіп, қызықты ойын өрнегін көрсетті.

Матчтың соңғы минутында ҰҚК құрамасы 2:1 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды. Ал,  екінші жартылай финалдық жұптағы матчта  Алтаиьс командасымен Жуалы командасы кездесіп, 3:2 есебімен  Жуалылықтар жеңіліп қалды.

Финалдық матчта ҰҚК мен Алтаиьс арасындағы ойын тартысты болды.  Негізгі уақытта есеп ашылған жоқ.  Ал  ойыннан кейінгі 11 метрлік айып добынан ҰҚК командасы 3: 1 есебімен жеңіске жетіп ауыспалы кубоктің иегері атанды. Байзақ құрамасы 3 орынды иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.