Теңге рубльге байланып қалған жоқ — Ақышев

0 1

Теңге мен рубль бір-біріне тәуелді, бірақ Қазақстанның ұлттық валютасы оған байланып қалған жоқ. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда мәлімдеді, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналистер ең алдымен теңге бағамының әлсіреуіне байланысты Үкіметтің дайындап жатқан жоспарын сұрады. Алайда Данияр Ақышев бұл сұрақты Үкіметте қою керегін және осыған байланысты ақпараттық хабарлама дайындап, тарататынын айтты.

«Еркін айналымдағы валютамыз теңгенің бағамына сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Соңы жағдайға дейін барлық макроэкономикалық параметр тұрақты болған еді. Өкінішке қарай, АҚШ-тың Ресей Федерациясына салған санкцияларынан соң жағдай ресейлік қор нарығының құбылмалылығына алып келіп, одан кейін валюта нарығына әсер етті. Ол біздің сауда әріптесіміз, біз ЕАЭО елі ретінде бір-бірімізге әсер етеміз. Ресейде болып жатқан жағдайлардан соң Қазақстанға да әсер етіп жатыр. Соңғы екі күнде рубль 10% әлсіреді. Ал теңге соңғы күнде 3% әлсіреді. Теңге рубльге байланып қалған жоқ. Иә, біз бір-бірімізге тәуелдіміз, бірақ байлаулы емеспіз», — деді Данияр Ақышев Мәжіліс кулуарында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.