Үштілділік — заман талабы

0 1

Кеше өңірдің білім беру мекемелерінің басшыларының басқосуымен «Үштілді білім беру моделіне көшу аясында инновациялық тәсілдерді пайдалану» тақырыбында облыстық семинар өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Қазір жаһандық ақпараттың дамыған кезеңі. Заманға сай  еліміздегі барлық салада жаңашылдықтар енгізілуде. Мәселен, білім беру мекемелері  сандық жүйеге көшіріліп, жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуды  қолға алынуда.

Үштілді меңгеру- бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылудың негізгі жолы. 2019 жылдан бастап еліміздегі орта мектептерде физика, химия сынды пәндер тәжірибие ретінде ағылшын тілінде оқытылмақ.

Ал, 2020 жылы үш тілде оқыту жүйесі толығымен жүзеге асады. Бұл орайда мұғалімдерге қойылатын  талап күшті. Ұстаздардың біліктілігін арттырып, ағылшын тілін еркін меңгеруі бүгінгі күннің басты міндеті.

Семинарға  Астаналық  «Ustaz» оқыту орталығының жетекшілері қатысты. Олар мұғалімдерге  оқытудағы сандық технологияны қолданудың ерекшеліктерін айтып, дәріс оқыды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.