Атырау тұрғыны аңға шығып, бейтаныс ер адамды қасқыр екен деп ойлап атып тастады

0 2

Атырау тұрғыны досымен бірге аңға шығып, бейтаныс адамды қасқыр деп ойлап атып тастады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  mgorod.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға осы жылдың қаңтар айында Махамбет ауданында болған. Атырау тұрғыны тіркелген аңшы мылтығы мен аң аулауға берілетін рұқсат қағазын алып досымен бірге аңға шыққан.

Орманға келген олар ағаштың тасасында, қалың шөптің арасында отырған. Екі достың біреуі қасқырға ұқсайтын екі сұлба көрген. Бірақ қасқыр екеніне көздері жетпей жатып, қалың шөп жаққа қарай оқ атып жіберген. Осы кезде шөп арасынан ер адамның айғайлаған дауысы шыққан. Қасына барғанда олар жараланған адамды көрген.

Атырау қалалық соты оқ атқан ер адамның бас бостандығын бір жылға шектеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.