Шымкенттік оқушылар қара жорға билейтін робот жасап шығарды

0 1

Сәлем беретін, оңай сауалдарға жауап беретін, қара жорға билейтін Миконоид есімді роботты Шымкент қаласындағы 55 мектептің оқушылары құрастырды, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA otyrar.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Миконоид алғашында АҚШ-та жасалған. Кейбір керекті бөлшектерін Новосібірден әкеліп, шымкенттік оқушылар толықтай жетілдіріп жасап шыққан.

«Біз оған қара жорға билеуді үйреттік, жаттығу жасайды, ушумен айналысады. Оны алғаш құрастырғанда ол ағылшын тілді еді. Бірақ біз оны модернизацияладық. Енді ол орысша сөйлей алады, қазақша түсінеді. Ол қара жорға билегенде, өкінішке қарай, тек қана қолы мен басы қозғалады. Біз аяғын да қимылдатқымыз келеді. Оған қазақша сөйлету – біздің арманымыз», – дейді Қуаныш Қадыров есімді оқушы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.