Кеш жатып, кеш тұратын адамдарда ерте өліп кету қаупі жоғары

0 5

Зерттеу нәтижесі MedicalXpress-те жарияланды, деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ақпараттық агенттігі.

Зерттеуге 38 бен 73 жас аралығындағы 433 мың адам қатысты. Ғалымдар оларды төрт топқа бөлді. Еріктілердің денсаулығын ғалымдар 6,5 жыл бойы бақылауда ұстады.

Нәтижесінде кеш жататын «жапалақтарда» ерте тұратын «бозторғайларға» қарағанда ерте өліп кету қаупі 10%-ға жоғары екені анықталды. Оның себебі әртүрлі болуы мүмкін. Кеш жатып, кеш оянатын адамдар жүрек-қан тамырлары, диабет, психологиялық және жүйке ауруларына жиі ұшырайды екен.

Ғалымдардың сөзінше, адам хронотипінің геннен берілетіні анықталса, «жапалақтарға» күнделікті күн тәртібін ауыстырғаны жөн. Жұмыс тәртібіне сай кеш жатып, кеш тұруға мәжбүр болатын адамдар күйзеліске де жиі тап болатын көрінеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.