Қос елдің азаматтығы бар қазақстандықтар кімдер

0 0

Қос азаматтығы болған қазақстандықтардың басым бөлігі қарапайым азаматтар. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР ІІМ Көші-қон комитетінің басқарма бастығы Сабыржан Сейітжанов  айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, Ата Заңымызға сәйкес екі елдің  азаматтығын мойындамаймыз. Екі азаматтығы болғандардың көпшілігі бұрынғы қазақстандықтар. Олар Қазақстан азаматтығынан шықпастан басқа елдің азаматтығын қабылдаған. Біз аталған адамдарды анықтадық және олардың үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 496-бабы бойынша әкімшілік іс қозғап, айыппұл төлеттік. Қазақстан азаматтығынан айырдық. Олар қарапайым адамдар, көпшілігі Ресей секілді көрші елдердің азаматтары. Сонымен қатар Германия азаматтары да бар», — деді ол.

Айта кетейік, Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров 2017 жылы қос азаматтығы бар 600-ге жуық қазақстандық анықталып, жауапкершілікке тартылғанын айтқан еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.