Медицина қызметтерінің қолжетімділігі әлем назарында

0 0

Дүниежүзілік денсаулық күнінде ДДСҰ әлемдік қоғамдастық назарын медициналық қызметтердің қолжетімділігі мәселесіне аударуды жөн санапты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Осыған орай, жыл сайын 7 сәуір Денсаулық күніне орай Жамбыл медициналық колледжінде спорттық іс-шара өткен. Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ денсаулығына жауапкершілікпен қарау арқылы денсаулықты сақтау және жақсарту мақсатында өтті.

Шара барысында білімгерлер арасында спорттық би сайысы өтіп, сонымен қатар, қалалық колледждердің қыздар арасында волейбол бойынша және ұлдар арасында кіші-футболдан жарыстар түрінде жалғасты.

Нәтижесінде кіші футболдан І-орынды Жамбыл политехникалық колледжі иеленсе,ІІ-орынды Тараз химия-технология колледжі, ІІІ-орынды «Парасат» колледжі қанағат тұтты.  Қыздар арасында воллейболдан І-орынды Жамбыл медициналық колледжі, ІІ-орынды «Парасат» колледжі, ІІІ-орынды Абай атындағы педагогикалық колледжі алды.

Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.