Жамбыл облысында есірткі саудаламақ болған ер адам ұсталды

0 5

Қаңтар айының соңында Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысының Қордай  ауданы аумағында Ш. есімді азамат  ұсталып,  одан  187,14 грамм  героин табылып, тәркілеген. Қылмыскер есірткіні республика аумағында сатпақшы болған, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  ІІД сілтеме жасап.

Тергеуді одан әрі жүргізу үшін қылмыстық іс Жамбыл облысы ІІД Тергеу басқармасының тергеушісі К.ге жүктелген, оған  біраз уақыт өткен соң өзін ұсталған адамның туысқаны ретінде таныстырған ер адам  қабылдауын  өтінген. Тергеушінің қызметтік орнында  азамат  И. оған  1,000,000 теңге ұсынып,  Ш.-ның жасаған қылмыстық әрекетін жеңілдету  үшін қайта қарауды сұраған.

Осылайша,  И.  есімді азаматтың  іс-әрекеттерінде  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабы  «Лауазымды тұлғаға пара беру» бойынша құқық бұзушылық белгілері айқын болған.

17 ақпанда өкілетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, И. есімді азаматтың тергеушіге 1 000 000 теңге пара беру заңсыз іс-қимылдары  құжатталып, материалдық айғақтар алынып, қылмыстық іс материалдарына тіркелген.

5 сәуірде  тергеушіге берілген 150 мың теңге көлеміндегі  пара ретінде алған сомасын  қайтару кезінде И. мен оның әпкесі ұсталған.Қазіргі уақытта азамат И. және оның әпкесі 2 ай мерзімге тұтқындалып, қамауға алынған.

 Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.