Қазақстанда мемлекеттік қызмет мектебі құрылады

0 0

Мемлекеттік орган өкілдері бейресми жағдайда кездесіп, «Өзгерістерді өзіңнен баста» ішкі бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілердің санасын өзгерту мәселелерін талқылады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» ішкі бағдарламасына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жетекшілік етуде.

Кездесуде мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық мәдениетіндегі өзгерістер мәселелері талқыланды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тартымдылығына ықпал ететін екі жобаны жүзеге асыруға бастамашылық етуде.

«Бірінші жоба — мемлекеттік қызмет мектебі — оқу ордаларының бітіруші студенттерін мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өткізуді қарастырады. Бұл тәсіл түлектердің қызметке орналасуы кезінде таңдау жасауына ықпал етеді», — делінген Агенттіктің хабарламасында.

Екінші жоба азаматтарды қабылдау кабинеттерін видеобақылау камераларымен жабдықтауға бағытталған.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асыруды талап ететін басты мәселе — мемқызметшілердің санасын өзгерту. Әрбір мемлекеттік қызметші өзгеруге құлықты болуы тиіс», — деп атап өтілген хабарламада.

Кездесудің қорытындысы бойынша, әрбір мемлекеттік орган сананы өзгерту тұжырымдамасы бойынша өз жобасын енгізіп, «Өзгерістерді өзіңнен баста» ішкі бағдарламасы аясында олардың басымдықтарына сәйкес, оны жүзеге асыру анықталатыны туралы шешім қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.