Жазушылар одағының Жамбыл филиалына жаңа басшы тағайындалды

0 4

Жазушылар Одағының Жамбыл облыстық филиалына жаңа басшы тағайындалды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Оған  дейін бұл қызметті  атқарып келген жазушы Несіпбек Дәутайұлының орнына жас ақын Хамит Есаман келді.

Одақтың төрағасы бекіткен құжат «Руханият» орталығында өткен жиында жаңа директорға арнайы табысталды. Төраға орынбасары Бақыт Беделхан жас ақынның алдағы уақытта жаңа жобаларды жүзеге асыратынын айта келіп, жұмысына сәттілік тіледі.

«Бұл үлкен жауапкершілік. Жергілікті әкімдікпен, тиісті мекемелермен бірлесе отырып, алдағы уақытта қазақтың руханиятына, Әулиеата өңірінің інжу-маржандарын, жалпы жоба-жоспарларын жүзеге асыруда жұмыс істейміз деген ой бар», — деді Хамит  Есаман.

Leave A Reply

Your email address will not be published.