Тараздағы сауда орталығында өртке қарсы оқу — жаттығу жұмыстары өтті

0 1

Ауыл-Береке сауда орталығында өткізілген өрт-тактикалық оқу-жаттығу жұмыстарын  Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Өрт сөндіру мекемесінің қызметкерлерінен құралған  5 өрт сөндіру-құтқару техникасы мен 30 адамды қамтитын жеке құрам жұмылдырылған іс шараға өрт сөндіру кезінде  кедергі келтіруі ықтимал мәселелерді жеке құраммен тәжірибелік тұрғыдан машықтау мақсатында жасалып отыр.

Жалпы жаттығу төмендегідей сипатта өрбіді: Ауыл-Береке сауда орталығында электр құралдарының қысқа тұйықталуы салдарынан өрт оқиғасы орын алады. Жұмыс уақытында орталық ішінен шыққан өртті көзі шалған қызметкерлер шұғыл түрде қызмет етуші тұлғаларды құлақтандырып, сонымен қатар арнайы қызметке де өрт туралы хабар беріп үлгереді. Сондай-ақ қолда бар өрт сөндіру құралдарымен жедел түрде өртті сөндіруге кіріскен. Оқиға орнына келіп жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары шартты өрт орнында өрт сөндіру штабы мен 2 жауынгерлік учаскісі құрады. Шартты өрт көлемі 80 шаршы метрді құрады. Бөлімшелердің жеке құрамымен газ-түтіннен қорғау қызметінің жұмысы да атқарылды.

Сондай-ақ, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Қайрат Оразбаев кинотеатр көрермендері мен қызметкерлеріне алғашқы кезектегі өрт сөндіру құралын қалай пайдалану қажеттігі жөнінде теориялық және тәжірибелік тұрғыдағы ережелерімен және өрт қауіпсізідігі ережелерімен  таныстырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.