Жамбылдық өрт сөндірушілер салауатты өмір салтын насихаттайды

0
4
SAMSUNG CAMERA PICTURES

Өрт сөндіру мекемесі мен «Жамбыл  облысы салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру орталығы» ұйымдастырған «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағдарламасы және 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай өткізіліп отыр, – деп хабарлайды “Zhambylnews” AA.   

«Дені саудың жаны сау!» және «Туберкулезді жеңу үшін бірігеміз!» атты кең көлемді  арнайы акциясының мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың ортасында ұнамшылдық қағидалары мен жоғары құндылықтарын арттыру, мәртебесін, сондай-ақ жастардың жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауды үйрету.

«Қызмет барысында адам құтқарып, тілсіз жаумен арпалысып, белімен су кешетін төтенше жағдай саласындағы жігіттер үшін деңсаулықтың қадірі аса маңызды екендігін,  ал спорт – денсаулық кепілі екендігін еске салып, бүгінгі іс шараға өз жүйріктерін сайлап, додаға қосқан қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің жігіттеріне сайыста сәттілік тілеймін» , – деді облыстық  Төтенше жағдайлар департаментінің маманы Ермек Момбаев.

Колледж  білімгерлерімен ұйымдастырылған флеш-моб биін көпшілік үлкен таңданыспен тамашалады.

Аталмыш шара барысында кір  тасын көтеру, 100  метрге  жүгіру, турникке  тартылу және волейбол спорт түрлері бойынша командалық жарыс өткізілді.

Сайысқа қалалық өрт сөндіру бөлімдерінен құрама командалар қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша №1 Өрт сөндіру бөлімінің құрама командасы үшінші орын, екінші орынды қалалық №3 Өрт сөндіру бөлімі жеңді, бірінші орынды№15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құрама командасы, қалалық №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бас жүлдеге ие болды. Өз кезегінде жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here