Жамбыл облысында сексеуіл неге азайып барады?

0 8

Бұл мәселе облыс әкімдігінің аппарат кеңесінде  өңірдің орман шаруашылығында шешімін күткен мәселелері жөнінде  өткен жиында сөз болды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Жамбыл облысында  2,3 млн. гектар орман қоры бар.  Оның 1,1 млн гектары сексеуіл алқаптары, қалған бөлігі түрлі ағаштарды құрайды.

«2017 жылы мамырдың 15-нен бастап қыркүйек айының 15-не дейін далалық орман жұмыстарын жүргіздік. Орман қоры жерінде жаяу жүріп, әр жерде өздерінің жұмыстарын анықтап, орманы бар, жоқ жерлерді, құм жерлерді анықтады. Оны біз және инспекциядан мамандар барып, қадағалап отырдық»,- деді Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Мақсат Зәуірбеков.

Мәселенің түйіні  – тұқым егу, себу, жинау жұмыстарында болып тұр. Биыл небәрі 30 га жерге ұрық  себіліп, оған 20 млн. ға жуық қаржы қарастырылған. Алайда, өңірде тұқым шаруашылығымен айналысатын арнайы мекеме жоқ. Сондықтан,  бұл жұмыс конкурс арқылы жүзеге асқан. Соның салдарынан, бұған дейін тұқым жинау кезінде қанша адам, қанша техника жұмылдырылғаны туралы басқармада нақты  мәлімет жоқ болып шықты.

Алқалы жиында  балық және аңшылық шаруашылықтары да сараланды. Облыс аумағында 101 балық шаруашылығы су айдындары тіркелгенмен, оның 20-30 да ғана табиғи балық бар. Соңғы жылдары балық аулау ісінің кең етек алуы балықты өсіру, дамыту жұмыстарының тұралауына сеп болып отыр.

Жиында сондай-ақ, орман қоры жерінде орын алатын өрттердің алдын алу мәселелері де талқыланып, материалдық-техникалық базасын жарақтандыру жайы айтылды. Аймақтың табиғат байлықтарын қорғау, күтіп-ұстау жұмыстары жүйеленбеген. Сондықтан облыс әкімі Асқар Мырзахметов жауапты тұлғаларға аталған бағытта жаңа жоспар түзіп, талапқа сәйкес нәтижелі жұмыс атқару керектігін ескертті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.