Даниал Аxметов су тасқыны туралы: Мұзға кеткен тротилмен 1,5 мың танкіні жаруға болатын еді

0 5

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Аxметов су тасқынына кеткен шығындарды жариялады, деп xабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Зырян, Глубокое және Аягөз аудандарында болған су тасқыны соңғы 50 жылда алғаш рет болып отыр. Бұқтырма өзеніндегі мұздың қалыңдығы екі метрден асты. Оны жаруға біраз күш кетті. Содан бірнеше сағаттың ішінде судың деңгейі екі жарым метрге төмендеді. Ол Малеевка кентіндегі жағдайға қатысты. Айтпақшы, мұзды жаруға 17 тонна тротилды жұмсадық. Оның қаншалықты көп екенін түсіндіру үшін бір ғана мысал келтірейін, танктерге қарсы миналарда 11 келі тротил болады. Онымен 60 тоннадан асатын темірдің быт-шытын шығаруға болады», — деді Д.Аxметов журналистерге берген сұxбатында.

Облыс әкімі жарылғыш заттарды қолдану кезінде Семейде үй шыныларының сынғанын да растады. Бүгінде барлық терезелерді қалпына келтірілген.

Даниал Аxметовтың сөзіне қарағанда, бүгінде Шығыс Қазақстан облысына қосымша 3,2 млрд теңге керек. Осыған байланысты тиісті құжаттар Үкіметке жіберілді. «Осы уақытқа дейін біз жергілікті бюджеттен шамамен 500 млн теңгеден астам қаржы жұмсадық. 172 үйді жөндеп жатырмыз. 34 үй жөндеуге келмейді. Қазір оны сатып алдық. Сосын 500 үйдің жобалық-сметалық құжаттарын өткіздік», — де атап көрсетті Д.Аxметов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.