Жамбылда үздік өрт сөндірушіні анықтады

0 2

Өрттен құтқару спортынан жарыс облыстағы осы салаға өшпес із қалдырған Ахметбеков Исабай Ахметбекұлын еске алуға арналды , — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Жыл сайын ұйымдастырылатын додаға облыс бойынша жалпы 14 команда қатысып, кәсіби біліктілік, өрт туындаған жағдайда оны дер кезінде ауыздықтау, жою, сондай-ақ өртке қарсы қызметтің абыройын арттыру үшін күресті.

 3 кезең бойынша бақ сынасты:

  1. Оқу мұнарасының 4-қабатына шабуылдық сатымен шығу;
  2. 100 метрлік жолақпен кедергілер арқылы жүгіріп өту;
  3. Өрт автоцистернасына жауынгерлік қанат жаю.

Жалпы командалық есеп бойынша Тараз қалалық № 3 өрт сөндіру бөлімі оқ бойы алға суырылып шығып, бірінші орынды иемденді. Ал екінші орынды Тараз қалалық №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жеңіп алды. Жамбыл аудандық №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінен құралған команда жүлделі үшінші орыннан көрінді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.