Неліктен қазақстандық үш банк Елбасының «қара тізіміне» енді

0 0

Бір қызығы, Данияр Ақышев Мемлекет басшысымен кездесуден бірнеше күн бұрын Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Бұл туралы  Stan.kz  хабарлайды.

Ол сол отырыста кейбір қазақстандық банктердің акцияларының құлдырауы және өсуі туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, олардың арасында Астана Банкі де болды. Бірақ, сол уақытта  осы қаржы институтының көрсеткіштері Ұлттық Банктің басшысының үрейін туғызбады. Керісінше, Ақышев олардың барлығы, оның ішінде Астана Банкі өз акцияларының құндылығын арттыра алды деген болатын.

«Астана Банкі – 0,6%, бұл біздің қор нарығымыздың психологиялық негізіне және ықпалына дәлел. Сондықтан, біз бұл жерде қазақстандық банктер үшін ешқандай маңызды мәселені қарастырмаймыз»,-деді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ағымдағы жылдың 16 сәуірінде.

Сонда үш банктің «нашар жағдайда тұрғаны» туралы ақпаратты Елбасына кім берді? Қаржы кеңесшісі Расул Рысмамбетов мұны тек Ұлттық Банкке ғана жасай алады деп санайды. Оның айтуынша, реттеушіде ағымдағы жағдай туралы толық ақпарат бар.

«Бұл банктердің кейбір мәселелері бар екенін Президентке Ұлттық банк айтуы мүмкін. Сондықтан Ұлттық Банк күн сайын осы банктерден алып отыратын есептерге сүйене отырып, бұл қаржы институттараның болашақтағы жағдайына алдын-ала болжам жасап айтуы әбден мүмкін»,-дейді қаржы кеңесшісі Расул Рысмамбетов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.