Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

0 0

Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы жұма күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Лондонның ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,28 долларға дейін қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 74,06 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың мамыр айында жеткізілетін фьючерстері 0,09 долларға көтеріліп, бір баррельдің бағасы 68,38 долларға жетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.