Шымкентте мұғалім мектепте асылып қалған

0 0

21 сәуірде «Асар» шағын ауданындағы мектепте оқыс оқиға орын алды. Мектептегі кабинеттердің бірінен информатика пәнінің мұғалімінің денесі табылған, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Дәрігерлер мұалімнің өлімі туралы фактіні тіркеді.

Дәрігерлердің мәліметінше, 1990 жылы дүниеге келген ер адам өзіне қол салған. Ол асылып қалған екен.

Жас жігіттің өзіне қол жұмсамас бұрын хат қалдырған-қалдырмағаны туралы әзірге мәлімет жоқ. Қайғылы оқиғамен байланысты сұрақтар тергеу амалдарынан кейін анықталатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.