Сарыарқада жаңа қала бой көтеруі мүмкін

0 0

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мұрзалинге Астана түбінде жаңа қала салу ұсынылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Тengrinews.kz cайтына сілтеме жасап.

Мұндай бастаманы Қосшы ауылының тұрғыдары өңір басшысымен кездесуінде айтты. «Облыс ауылға «қала» мәртебесін беру мәселесін қарауды бастар. Себебі «қала» мәртебесі — бұл ауруханалар, емханалар», — деді Қосшы ауылының тұрғындарының бірі.

Мәлік Мұрзалин мұның «кешенді күрделі мәселе» екенін айтты. Оның сөзінше, ауылға «қала» мәртебесін беруде кедергілер, оң және теріс жақтары бар. Мұндай мәселелердің бірі мұғалімдердің жалақысына қатысты. Әкім ауыл педагогтарының еңбекақысына қазіргі уақытта 25 пайыз үстеме ақы алып жүргенін еске салды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.