Облыс әкімі халықпен Whats app арқылы тікелей байланысқа шығады

0 0

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен тікелей байланысу үшін Whats app желісі іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімінің кеңесшісі Максим Рожин Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Алдағы аптада облыс әкімімен тікелей байланысу үшін Whats app желісі іске қосылатын болады. Бұл облыс басшысына тікелей өзіңізді мазалап жүрген сұрақтарды қойып, ұсыныс жасауға жақсы мүмкіндік болады деп есептеймін. Біз үшін бұл қоғаммен байланыста барынша ашық әрі мобильді болуға, туындап жатқан мәселелерді жылдам реттеуге аса қажетті қадам деп ойлаймын. Әкіммен тікелей байланысу үшін Whats app желінің номері аумаққа да жарасымды етіп таңдалды, оны есте сақтау оңай +77779671313. Ескеретін бір жәйт, бұл желіге қоңырау емес, тек қана СМС xабарламалар қабылданады», — деп жазды ол.

Максим Рожиннің атап өтуінше, оңтүстік өңірге қатысы бар шұғыл мәселелер мен проблемаларды барынша жылдам шешу үшін тәулік бойы БАҚ пен әлеуметтік желіде мониторинг жүргізілетін болады. Ұсыныстар мен xабарламаларды #ОҚОәкімшілік немесе #АкиматЮКО арнайы xэштегтер арқылы жолдауға болады.

«Өздеріңіз білетіндей, мен әрқашан байланысқа, қарым-қатынас жасауға ашық адаммын, лайым солай болады. Облыс әкімшілігіне қатысты кез-келген сұрақтарды жолдаңыз, мен қажетті ақпаратты нақтылап, дер кезінде жеткізуге тырысамын. Бұл облыс басшылығы мен қоғам арасында рационалды байланыс орнатуда біздің алғашқы әрі қажетті қадамдарымыз. Бір апталық қызмет барысында мен облыста жүріп жатқан маңызды әрі қажетті жобалардың іске асып жатқанына куә болдым: ауыл-аймақтарға газ тарту, ауыз сумен қамтамасыз ету, жаңа мектептер мен балабақшалардың құрылысы. Әрине шешімін күтіп тұрған мәселелер де жоқ емес. Мен осы жаңалықтармен міндетті түрде бөлісетін болам»,-  деді облыс әкімінің кеңесшісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.