Браконьерлер балықтың уылдырығын жоятын ауды қолданған

0 0

Алматы облысында «Уылдырық» шарасы өтіп жатыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24kz сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері санаулы күннің ішінде заңсыз балық аулаудың 46 дерегін анықтады. Оның төртеуі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру барысында балық аулайтын 40-тан астам құрал тәркіленді.

Мамандардың айтуынша, Іле өзеніндегі браконьерлік кәсіби сипат алып бара жатқанға ұқсайды. Заңсыз балық аулаушылар арнайы киімдер киіп, жоғары жылдамдықтағы катерлерді пайдаланады. Әрі Қытайда өндірілген торларды қолданған. Мұндай кәсіпшілік балықтардың уылдырық шашуына және көбеюіне кедергі келтіреді.

Айгерім Көпбаева, облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі:

«Соңғы дерек Балқаш ауданында тіркелді. Жергілікті тұрғын ұсталып, одан 200 килограмм балық, заңсыз ауланған балық алынды».

Leave A Reply

Your email address will not be published.