Таразда дауыл салдарынан электр желісі үзілді

0 0

Таразда қатты жел соғып, жұртты әбігерге салды. Ұйытқыған желдің екпіні секундына 29 метрге дейін жетті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Салдарынан көп қабатты тұрғын үйлер мен бірнеше балабақшаның шатырлары ұшып, қабырғалары зақымданды. Сондай-ақ, ағаштар құлап, электр желілері үзілді. Жарық сөнгендігі жөнінде жүзге жуық өтініш түскен.Мамандар түнімен жұмыс істеп, бірқатар нысандарды қалыпқа келтірді. Бүгін жауапты органдардың мамандары төтеннен келген шығынды есептеп қалпына  келтірудің қамына кірісіп жатыр.

Азат Әбдіразақов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

— Тұрғындардан көптеген хабарлама түсті. Ұшқан шатырлар көлікті басып қалған, ағаштар құлаған. Біраз жерде жарық сөнген. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпар түскен жоқ. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдармен  бірлесіп мониторинг жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.