Тараз сауда үйлері ТЖД қадағалауында

0 1

Тараз қаласындағы «Нұрислам» сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. 

Іс шараға өрт сөндірушілер, полицийлер мен «Жедел жәрдем» қызметкерлері, 9 өрт сөндіру-құтқару техникасы мен 35 адамды қамтитын жеке құрам жұмылдырылған.

 Сауда орталығының 3-қабатындағы ойыншықтар сататын бөлімшесінде электр құралдарының қысқа тұйықталуы салдарынан болған шартты өртті 3 жауынгерлік бөлімше мен өрт сөндіру штабынан құралған топ сөндірді.

Бөлімшелердің жеке құрамымен жоғарғы қабаттардан жылжымалы автосаты көмегімен адамдар қауіпсіз жерге көшірілді, газ-түтіннен қорғау қызметінің жұмысы ұйымдастырылып, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстары атқарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.