Жаңатас қаласында 1893 адам пәтер кезегін күтуде

0 0

Бұл жайында Жамбыл облысының ӨКҚ – де Сарысу ауданының әкімі Нарбаев Балабек айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Спикердің айтуынша, Жаңатас қаласында бүгінгі таңда 85 көп қабатты тұрғын үй және 41 екі қабатты коттедждер, барлығы 5406 пәтер бар.

Шағын қалада коммуналдық меншіктен пәтер алу кезегінде 1892 мұқтаж азаматтар тіркеліп, 2017 жылы аудан бойынша жалпы алаңы 5525 шаршы метр болатын 50 тұрғын үй пайдалануға берілген.

Сонымен қатар, Жанатас қаласындағы 3-ші шағын аудандағы 192 пәтерлік ғимаратты қайта қалпына келтіруге жобалық-сметалық құжаттар жасалып, мемлекеттік сараптамаға тапсырылған, тиісті қаржысы 2019 жылға облыстық бюджеттен жоспарланып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.