Алдағы 3 тәулікте еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

0 1

Алдағы 3 тәулікте елімізде ауа райы тұрақсыз болады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Мамандар бұл күндері еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, жел тұрады деп отыр. Астана және Алматы қалаларында да күн құбылып, жауын-шашын түседі. Батыс аймақтарда да атмосфералық фронттардың әсерінен күн райы бұзылады.

Лаура Сайлыбаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

– Циклон мен антициклондар үлкен жылдамдықпен ауысуда, сондықтан күн райы да республикамыз бойынша тез өзгеріп жатыр. Астана қаласында сәуірдің 26-сы күндіз аздаған жауын жауады. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, сәуірдің 27-сі күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы жоғарылайды. Алматы қаласында сәуірдің 26-сы түнде және таңертең жаңбыр жауады. Сәуірдің 28-і жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.