Зиянды тағамдардың жарнамасына шектеу қою қажет

0 0

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі құрамында қант, тұз және транс-майлары көп азық-түлік өнімдерінің жарнамасына шектеу қоюды ұсынды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, адам денсаулығына залал тигізетін мұндай тағамдарға шектеу қою дамыған елдердің тәжірибесінде бар.

«2018 жылы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасына құрамында қант, тұз, транс-майлары көп тағамдардың жарнамасын шектеу жөнінде толықтырулар енгізу жоспарланып отыр. ЕАЭО аясында кедендік одақтың техникалық регламенттеріне денсаулыққа зиян қант, тұз, транс-майлар құрамына және олардың таңбалануына талаптарды күшейту тұрғысында толықтырулар енгізілуі қажет», — деді  ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой министрлік алқасының кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі қоғамдық денсаулық сақтау саласында қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетті. Мәселен, Финляндияда 2010 жылдан бастап тәттілер мен алкогольге салық салынып, құрамына тұзы көп және тұздалған өнімдерге тыйым салынды. Нәтижесінде, 7 жыл өткен соң жұқпалы емес аурулардың деңгейі 80%-ке азайған, өмір сүру ұзақтығы 1980 жылмен салыстырғанда 10 жылға ұзарған.

Мажарстанда 2011 жылдан бастап зиянды азық-түліктерге денсаулық сақтау салығы салынып келеді және бүгінде халықтың зиянды тағамдарды тұтыну көлемі 73%-ке азайған.

Еуропада 2016 жылдан бастап, құрамында 6 ингредиент — май, тұз, қант, транс-майлар, көмірсу мен ақуызы бар азық-түлік өнімдерін таңбалау міндеттелді. Ұлыбританияда күндізгі уақытта зиянды тағамдарды жарнамалауға тыйым салынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.