ЕКІ БАЛАНЫҢ АНАСЫ ШОКОЛАДТЫ ФАБРИКАНЫ ӨЗ АСХАНАСЫНДА ҚАЛАЙ ІСКЕ АСЫРҒАНЫ ТУРАЛЫ

0
14

Елдана Фролова, 25 жаста, туған қаласы — Рудный

Менің оқиғам 2016 жылдың соңынан бастау алды. Күйеуім Америкадан келіп, маған кішігірім сыйлық әкелді–қолданжасалған кәмпит қорабшасы. Дәмін татып, мұндай нағыз әрі тәтті шоколадты ешқашан жеп көрмегендігімді түсіндім. Мені бұл өте қызықтырды, кейін осы тақырыпты зерттей бастадым. Ақырындап арнайы ыдыс жинақтарына тапсырыс бердім, қажетті шикізатты сатып алып, экспериментімді бастадым. Бәрі бірінші реттен қолымнан келді. Мен қатты таңғалдым, өйткені бұған дейін ондай нәрсені дайындап көрмеппін. Бүгінде шоколад менің барым, шынымды айтсам, ол керемет сұранысқа ие, демек менің өнімім жақсы.

Бүгінде шоколад менің барым, шынымды айтсам, ол керемет сұранысқа ие, демек менің өнімім жақсы

Өз жұмысымда шоколадтың Premium деңгейін пайдаланамын. Оның хош иісі мен дәмі бәрінің көңілінен шығады. Қазір оған Еуропадан тапсырыс беремін. Ол кішкентай капсула түрінде келеді. Шоколадпен қалған жұмыстың барлығы қолмен жасалады. Егер фабрикаларда машиналар барлығын араластырып, бояп, төгіп жатса, ал менде барлығын тек өзім жасаймын. Жақын арада шоколадтың меншікті түрін жасаймын деп үміттенемін, құпияны ашайын, осы бағытта жұмысымды бастадым.

Менің шайқас алаңым – асхана. Көбісінің қоятын сұрағы «Екі балаң, күйеуің бар, қалайша үлгересің?», ал мен түнде барлығы ұйықтап жатқан кезде «шоколадтаймын».

Бір тақтайшадан сата бастадым, содан соң екеу, үшеу және одан да көп. Соңғы мерекелерде 100 шоколад қорабшасын саттым және осымен мақтанамын. Менде ұйқы да, демалыс та болмады. Асханада жалғызбын, сол себепті тіпті қорабшаларды да өзім жинаймын. Мысалы шоколадты тапаншаны дайындау үшін жұмысқа бір жарым сағат кетеді. Мұндай сұлулық 3500 тенге тұрады. 30 сатылған шоколад қорабшасы үшін шамамен 100 мың тенге пайда табамын.

30 сатылған шоколад қорабшасы үшін шамамен 100 мың тенге пайда табамын

Мен бұдан да ауқымды деңгейге шығуды ойлап жүрмін. АҚШ-та шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасы бойынша оқып шықтым, кейбір құралдарды өзім үшін біліп алдым. Бірақ, өкінішке орай, АҚШ-та жұмыс істейтін нәрсе бізде жұмыс істемейді. Мысалы, оларда келіп: «Маған 20 мың доллар керек, көмектесіңізші» деп айта алатын жеке және мемлекеттік фирмалар көп, олар мені ақшаны салуға дайын адаммен жолықтырады. Ал бізде ірі кәсіпкерлер жас істерге сенбейді, бұл олардың үлкен қателігі.

Мен бизнеспен екінші балам үш айлық болған кезде айналыса бастадым, сәби – бұл декретте жұмыссыз отырудың себебі емес екенін жақсы білемін. Сондықтан аналар балаларын күтішуге тастап, көрші бөлмеде шоколадпен айналыса алатын орын ашқым келеді. Жұмыс күні шамамен төрт сағатты құрайды. Қазір мен жобаның қаржыландыру көзін ізденудемін.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here