Орта салмақта ең мықты екенімді дәлелдегім келеді — Джейкобс Головкинмен екінші жекпе-жек жайлы

0 3

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинмен шаршы алаңда тағы күш сынасуға үмітті.

«Асыға күтетін жекпе-жегім. Орта салмақта ең күшті екенімді дәлелдегім келеді. Түзете алатын бірнеше дүние бар, бокста. Артқа қарап, не істей алатыңызды бағамдай аласыз. Ал мен ең мықты екенімді дәлелдегім келеді», — дейді Джейкобс Boxingnews24.com порталына.

Еске салайық, боксшылар былтыр наурызда жұдырықтасқан. Ол кезде төрешілер шешімімен (115-112, 115-112 и 114-113) қазақстандық боксшы жеңіске жеткен.

Жақында америкалық боксшы польшалық Мацей Сулецкиді жеңіп, WBA чемпионына міндетті қарсылас атанды. Қазір бұл белбеу Геннадий Головкинде.

Дереккөз: Тengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.