Оман Сұлтандығының астанасында қазақ киносы апталығы өтеді

0 0

Мамыр айының 2-і мен 5-і аралығында Оман Сұлтандығының астанасы Маскат қаласындағы «VOX Shatti Cinema» кинотеатрында қазақ киносы апталығы өтеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Аталмыш мәдени іс-шара барысында соңғы жылдары жарыққа шыққан отандық режиссерлердің танымал фильмдері көрсетіледі.

Қазақ киносы апталығының ашылу салтанатына Оман Сұлтандығының зиялы қауымы, іскерлік және мәдени ұйымдар өкілдері, сонымен қатар дипломатиялық корпустың өкілдері мен Оман Сұлтандығында тұратын Қазақстан азаматтары қатысады.

Аталған мәдени іс-шара ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттердің бірі – «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға кең мүмкіндік береді.

Маскат қаласында өтетін Қазақ киносы апталығы бүгін режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмімен ашылып, ал 5 мамырда омандықтар қазақ хандығының құрылуы туралы баяндайтын, режиссері Рүстем Әбдірашевтың «Алмас қылыш» тарихи фильмін тамашалайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.