Астана мәслихаты қоғамдық көлікте тегін жүру ережелерін өзгертті

0 0

Елордада 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар қоғамдық көлікте тегін жүре алады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2018 жылдың 4 мамырынан бастап Астана қалалық мәслихатының шешімімен мүгедек балалар қоғамдық көліктерді 7 жасқа дейін емес, 18 жасқа дейін тегін пайдалана алады. Бұдан бөлек, мүгедек балалардың ата-аналарының біреуіне (заңды өкіліне) тегін жүруге рұқсат етіледі. Бұдан бұрын бұл құқық тек мүгедек баланы алып жүрген кезде берілген болатын», — деп хабарлады Астана LRT Қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева Фейсбуктегі өз парақшасында. 

Оның мәлімдеуінше, аталған топтағы азаматтар 2018 жылдың 1 маусымына дейін куәлікті (зейнетақы кітапшасы) көрсете отырып, тегін жол жүруге құқылы.

«Көрсетілген мерзімнен кейін жеңілдік тобындағы азаматтар Қажымұқан, 14 мекенжайындағы Орталық кассадан атаулы көлік картасын алуы тиіс. Атаулы көлік карталарын жасау үшін деректер «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КАҚ-ға ұсынылатындықтан, картаны жасау біраз уақытты алатынын ескертеміз», — делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.