«Тараз» өз алаңында тең түсті

0 0

Футболдан Қазақстан бірінші лигасы ойындары аясында Теміртаудан келген «Шахтер — Булат» командасын қабылдаған «Тараз» командасы 1:1 есебімен тең түсті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап.

Матчтың бірінші таймында доп негізінен Тараздықтардың бақылауында болды. Алайда, гол соғатындай еш мүмкіндік болмады. Ал, алғашқы таймның соңында қонақтар да белсенділік көрсетті. Дегенмен, бірінші таймда есеп ашылмады.

Екінші тайм күтпеген жағдайларға толы болды. Тараздықтардың толассыз шабуылына қарамастан қонақтар бірінші болып есеп ашып кетті. Алаңға тыңнан қосылған «Шахтер — Булат» ойыншысы Адилов Тараз қақпашысымен бетпе — бет шығып есеп ашқан.

Бұдан кейін ойынның небәрі 20 — минуттай уақыты ғана қалған болатын. Тараздық ойыншылардың бірқатар доптары қақпадан сəл қисық кетіп жатты. Мəселен: Абзал Таубайдың баспен ұрған соққысын, Бауыржан Байтананың тура соққысын қонақтар қақпашысы қайтарып үлгерді.

Алайда, ойынның негізгі уақытына төреші 6 — минут уақыт қосып, абырой болғанда жерлестеріміз осы уақыт ішінде есепті теңестіріп кетті. Гол авторы: Илья Воротников болатын.

Осылай, Тараздықтар өз алаңында «Шахтер- Булат» командасымен тең ойнады. Жамбылдық команданың өз алаңындағы келесі ойыны 12- мамыр күні «Ақтөбе — Жас» командасына қарсы өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.