Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!

0 13

9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 73 жылдығына  орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларды тамашалауға шақырады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Тараз қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Тұрғындардың назарына:

— сағат 8-30-да А.Сухамбаев, Ы.Сүлейменов З., Космодемьянская, Т.Тастандиев ескерткіштеріне, «Даңқ» мемориалына, ҰОС жылдарындағы Жамбыл қаласындағы госпитальдарда жарақаттан қаза болған Совет армиясы жауынгерлеріне арналған обелискіге, «Даңқ» аллеясына, 1941-1945 жылдары қаза болған жауынгерлердің стелласына гүл шоқтарын қою рәсімдері;

— сағат 8.30-да орталық «Достық» алаңынан  «Жеңіс» саябағына дейін және А.Сухамбаев ескерткішінен «Жеңіс» саябағына дейін «Қаһарман Ұлт – Бессмертный полк» шеруі;

— сағат 10.00-де «Жеңіс» саябағында театрландырылған көрініс, мерекелік концерт;

— сағат 20.00-де «Жеңіс» саябағында мерекелік концерт, отшашуды көре алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.