Білім министрлігі латын қарпіне көшу мерзімін бекітті

0 1

Нөлінші және 1-сыныптар латын қарпімен оқуды 2020 жылы бастайды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА 365info.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл нөлінші сыныптарға арналған оқулықтар әзірленеді.

Білім министрлігі бекіткен білім беру орындарының латынға ауысу мерзімдеріне тоқтала кетейік. Нөлінші және 1-сыныптар латын қарпімен оқуды 2020 жылы бастайды. Бастауыш сыныптар 2023 жылға дейін көшуі тиіс.  2024 5-9-сыныптар көшсе, 2025 жылы 10-11-сыныптар латынша оқымақ.

Ал, 2020-2023 жылдар аралығында колледж студенттері латынша оқуға көшеді. Латын қарпімен оқу 2021 мен 2025 жылдар аралығында жоғары оқу орындарына енгізіледі. Сол себепті жыл сайын 9 мың мұғалім жаңа әліпбиді үйренеді.

Оқу мекемелері 2025 жылға дейін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшіп бітуі тиіс.

Leave A Reply

Your email address will not be published.