Майдангер жазушы Қ.Қайсеновтың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді

0 6

Шығыс Қазақстандағы Ұлан ауданының орталығында партизан жазушы Қасым Қайсеновтың 100 жылдығы тойланды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24kz арнасына сілтеме жасап. 

Отан қорғаушы күнімен тұспа-тұс келген игі шараға Ұлықбек Есдәулет бастаған зиялы қауым өкілдері келген. Мәртебелі меймандар қатарында батырдың ұлы Болат Қайсенов те бар. Жиналған қауым 100 түп көшет отырғызып, партизан жазушының мұрасы ұрпаққа сая болатынын дәріптеді. Ал орталық саябақта батырлар рухы ұлықталып, арнайы стелла орнатылды. Қасым Қайсенов кентінің басты көшелерімен сап түзеп, жүріп өткен «Жасұлан» клубының тәлімгерлері де баба ерлігін үлгі санайды. Себебі Халық қаһарманының ерлігі мен талабы талай ұрпаққа азық болары анық.

«Украина жерінде, одан сыртта соғысып келді ғой. Ол кісі тәртіпті қатты айтатын. Әскерде тәртіп болмаса, береке болмайды дейтін. Бірлікті, тәртіпті алға қойған. Биік мақсатқа жетпей тынышталуға болмайтынын айтып отыратын. Ойына алған шаруаларды орындамай тынбайтын. Елден де соны сұрайтын»,- жазушы Еркін Оразханов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.