Шымкент пен Таразда жер сілкінісі сезілді

0 0

Шымкент пен Таразда жер сілкінісі сезілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Tengrinews.kz — ке сілтеме жасап.

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 764 шақырым жерде болған.

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі 2018 жылдың 9 мамырында 16 сағат 41 минут 50 секундта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 764 шақырым жерде Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында екені анықталды», — деп хабарлады Руслан Иманқұлов.

Сондай-ақ, ол жер сілкінісінің энергетикалық класы 14.5 болғанын нақтылады. ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілінің мәліметінше, жер сілкінісі Тараз бен Шымкентте 2-3 балл түрінде сезілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.