Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл соғады

0 0

«Қазгидромет» еліміздің бес облысында болатын дауыл тұратыны жайында ескерту жарияланды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Атап айтқанда, 10-12 мамырда Қызылорда облысының кейбір аймағында шаң көтеріліп, қатты жел тұрады деген болжам бар. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

11 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарында күн күркіреп, жел күшейіп, шаңды дауыл соқпақ.

Сонымен қатар, 10 мамырда Қостанай облысының кейбір аймақтарында күн күркіреп, жел секундына 15-20 м/с дейін күшейеді. Мұнымен қоса, 11 мамырда осы облыста тұман түсіп, жел соғады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанның батысында ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жасалған болатын.

10-11 мамырда Атырау облысының кейбір аудандарында күн күркіреп, шаң көтеріліп, қатты жел тұруы ықтимал. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

10-11 мамырда Батыс Қазақстан облысы аумағында да солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Кейбір аумақтарда шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Оралда аталған күндері желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, күн күркіреуі ықтимал.

Leave A Reply

Your email address will not be published.